«Нұрлы жол»: «Орталық-Оңтүстік» бағыты 1289 шақырымды құрап отыр

Мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан ең ауқымды жобалардың бірі - «Орталық-Оңтүстік» бағыты. Автожолдың жалпы ұзындығы - 1289 шақырым, жалпы құны - 880 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары 2013 жылы басталды.
Қазір осы бағыт бойынша Астана-Қарағанды арасындағы автожол бітуге жақын. Астана мен Теміртау бағытындағы жол пайдалануға беріліп, ендігі ретте Теміртау мен Қарағанды арасындағы жол салынып жатыр. Астана-Қарағанды бағыты бойынша жолдың жалпы ұзындығы - 185 шақырым, оның бүгінде 171 шақырымы пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны - 129 млрд. теңге, оның 112 млрд. теңгесі игерілді.
Осы бағыт бойынша алдағы жылдары Қарағанды-Балқаш (403 шақырым), Балқаш-Бурылбайтал (297 шақырым), Бурылбайтал-Құрты (228 шақырым), Құрты-Қапшағай (67 шақырым) жолдарының құрылысы басталады. Ал, жалпы ұзындығы 104 шақырымды құрайтын Алматы-Қапшағай автожолының құрылысы 2016 жылы аяқталып, пайдалануға берілді. Толық ақпарат инфографикада көрсетілген.