Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Нұрлы жол» вокзалының іске қосылуына байланысты елордада бірқатар автобус бағдары ұзартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалын іске қосуына байланысты автобустардың қозғалысын ұйымдастыру мақсатында 2017 жылдың 1 маусымынан бастап № 2, 14, 32, 48, 50 қалалық маршруттардың жүру бағытының сызбасы ұзартылатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Нұрлы жол» вокзалының іске қосылуына байланысты елордада бірқатар автобус бағдары ұзартылады

№ 2 бағдар

Бастапқы «Бал-бала» балабақшасы аялдамасынан «Бастөбе көшесі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Шарбақты көшесі - Теміржол вокзалы - «Нұрлы жол» вокзалы аялдамасы. Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 14 бағдар

Бастапқы Теміржол вокзалы аялдамасынан «Әзірет Сұлтан» мешіті аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Тәуелсіздік даңғылы - Ж.Нәжімеденов көшесі - «Нұрлы жол» вокзалы аялдамасы. Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 32 бағдар

Бастапқы «Бал-бала» балабақшасы аялдамасынан Ж.Нәжімеденов көшесі аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Ж.Нәжімеденов көшесі - Қ.Аманжолов көшесі - А.Байтұрсынов көшесі - «Нұрлы жол» вокзалы. Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 48 бағдар

Бастапқы Теміржол вокзалы аялдамасынан «Ақмола құрылыс» ЖШС аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Шарбақты көшесі - теміржол вокзалына дейін жол - «Нұрлы жол» вокзалы. Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 50 бағдар

Бастапқы «Бал-бала» балабақшасы аялдамасынан Министрліктер үйі аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Мәңгілік ел - М3 көпірі - Ш.Қалдаяқов көшесі - Тәуелсіздік даңғылы - Ж.Нәжімеденов көшесі - «Нұрлы жол» вокзалы. Кері қарай осы сызба бойынша.