«Нұрлы жолдағы» идеяларды студенттеріміз болашақта пайдаланатынына еш күмәнім жоқ - Бразилиа Университетінің ректоры

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
24 қарашада болған семинарға Бразилияның Сыртқы байланыстар министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, Бразилиа қаласында тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері, ғылым қайраткерлері, Бразилиа қаласының және Федералдық көптеген жоғары оқу орындарының профессорлары, «UNB» студенттері және Бразилияның БАҚ өкілдері қатысты.
Елші Б.Ордабаев өз сөзінде қатысушыларды ҚР Президенті Жолдауының басты қағидаларымен таныстыра отырып, Қазақстан туралы жан-жақты хабардар етті.
Дипломат Қазақстан бүгінгі таңда өзінің көпвекторлы сыртқы саясатының арқасында жоғары халықаралық қауымдастықта танымал екенін, оның жауапты әрі беделді мүшесі болып отырғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Қазақстан ғаламдық қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау саласында көшбасшылық етіп отырғанын, сондай-ақ, мәдениет, әлемдік діндер көшбасшылары және өркениет диалогының модераторы болып табылатынын, оның кезекті съезі 2015 жылғы маусым айында Астана қаласында өтетінің баса айтты.
«UNB» Университетінің ректоры Иван Камарго, өз кезегінде қазақстандық Елшінің мазмұнды баяндамасының арқасында жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы Қазақстанның кезекті маңызды бастамасымен танысуға тікелей мүмкіндік алғандарын жеткізді. «Бүгін біз ҚР Мемлекет басшысының жолдауымен танысуға мүмкіндік алдық, менің ойымша, бұл Президенттің бүгінгі әлемдік ахуалда Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шешу жолдарын көрсететін өз көзқарасын және басты идеясын жеткізетін маңызды құжат. Бүгінгі семинарға келіп отырған азаматтар, Университеттің қызметкерлері мен студенттері бұл құжатпен қанағаттанарлықпен танысып, оның ішіндегі бастамалар мен жаңа идеяларды өздерінің болашақ істерінде пайдаланатынына еш күмәнім жоқ»,- деді.
Іс-шараның соңында Елші Б.Ордабаев осы сияқты шаралардың өткізілу ерекшелігі мен маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ семинарға белсенді қатысқандарына және тиісті қолдау көрсеткендеріне өз алғысын білдіре отырып, оларға Елшілік тарапынан дайындалған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауының португал тіліндегі кітапшаларын тапсырды.