«Нұрлы жолға» бөлінген қаржы 100 пайызға дерлік орындалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жолға» бөлінген қаржы 100 пайызға дерлік орындалады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 11 айы ішінде 435 млрд. теңге, немесе жылдық көлемнен 92 пайызға игерілді. Жыл бойынша республикалық деңгейде атқарылу толық көлемде дерлік 99,9 пайыз деңгейінде күтіледі. 0,5 млрд. теңге игерілмейтін болады. Олар: Халықаралық қаржылық есептілік жобалары бойынша Ұлттық экономика министрлігі - 235,6 млн. теңге, Білім және ғылым министрлігі 130,9 млн. теңге және Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі 109,3 млн. теңге», - деп атап өтті ол.
Оның деректеріне сәйкес, жергілікті органдар 215,5 млрд. теңге, немесе алынған қаражаттың 94,5 пайызын игерді. 12 млрд. теңге игерілген жоқ.
«Игерілмеудің ең көп көлемі Маңғыстау облысында - 1,4 млрд. теңге, Ақтөбе - 1,3 млрд. теңге, Алматы және Ақмолада - 1,2 млрд. теңгеден, Атырауда 1,1 млрд. теңге мөлшерінде байқалады. Игерілмеудің негізгі себебі жұмыстардың өндіріс кестесінен қалу болып отыр», - деді Сұлтанов.