Нұрмагомедов қарсыласына жекпе-жекке шыққаны үшін қосымша $200 мың төлемек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік аралас жекпе-жектің шебері Хабиб Нұрмагомедов өзімен жекпе-жекке келісуі үшін американдық Тони Фергюсонға қосымша 200 мың доллар ұсынды.
«Эй, Тони Фергюсон, егер UFC төлегісі келмесе мен саған қосымша 200 мың доллар беремін. Сенің енді ақталуыңа жол бермес үшін осылай істегенді жөн көріп отырмын. Осыған келіселік»,-деп жазды Нұрмагомедов өзінің Twitter -іне.
Бұдан бұрын UFC президенті Дана Уайт, ресейлік спортшы бразилиялық Жозе Альдомен айқастан бас тартты, деп мәлімдеген болатын.