Нұрмахан Тінәлиев грек-рим күресінің әлемдік рейтингісінде үздік үштікке еніп отыр

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Нұрмахан Тінәлиев әлемдік рейтингте грек-рим күресінің 120 килограмм салмақ дәрежесі палуандары арасында үздік үштікке еніп отыр.

Нұрмахан Тінәлиев грек-рим күресінің әлемдік рейтингісінде үздік үштікке еніп отыр

wrestling.kz порталының хабарлауынша, аталған рейтингтің үздік ондығына Қазақстанның әр салмақ дәрежелерінде тағы 7 спортшысы кірген.

55 килограмм салмақ дәрежесіндегі палуандардың ішінде Нұрсұлтан Қалмұрзаев Бакуде өткен Голден гран-при турнирінің ақтық сынында үздік атанып, нәтижесінде ФИЛА-ның жасаған рейтингісінде 9-орынға көтерілді. 60 кг салмақта Алмат Кебіспаев үздік бестікті түйіндеп тұр. Азия біріншілігінде қола медаль қанжығаға байлаған Ерулан Ысқақов 96 кг салмақ тартатын палуандар арасында үздік ондыққа енген.