«Нұротандықтар» бала тәрбиесіндегі әйелдерді қолдау жүйесін жетілдіру мәселесін талқыламақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ғимаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, сараптама тобының жетекшісі Майра Айсинаның жетекшілігімен «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасының «Әйелдерді қолдау» бағыты бойынша сараптама тобының бірлескен отырысы өтеді.
Сараптама тобының отырысында бала тууды ынталандыру және бала тәрбиелеуші әйелдерді қолдау мәселелері көтеріледі. Сонымен қатар, жұмыссыз әйелдер арасында үздік бизнес-идеяларға жарияланатын республикалық байқаудың тұсаукесері болады.
Шараға «Нұр Отан» партиясы басшылығы, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттары - «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бейнемәжіліс байланысы арқылы партияның аймақтық филиалдары қатысады, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.