«Нұрсаядан» шыққан өрт толық сөндірілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жұмыс аптасының бірінші күні сол жағалау үшін оқыс оқиғамен басталды. Сағат 18.50 шамасында Д.Қонаев көшесінің бойындағы «Нұрсая-1» тұрғын үй кешенінің шатырынан өрт шығып, қаланың өрт сөндіру қызметі аяғынан тік тұрды.
None
None

«Сағат 19.32-де «Нұрсая-1» Тұрғын үй кешенінен шыққан өрт толық сөндірілді. Өрттің аумағы 4 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіруге барлығы 22 техника мен жеке құрамның 78 қызметкері жұмылдырылды»,-деп хабарлады Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін  18:42-де «101» нөміріне «Нұрсая-1» тұрғын үй кешенінің өртенгені туралы ақпарат түскен. 18:48-де бірінші өрт бөлімшелері келіп, шатырда от тұтанғанын анықтады. Оқиға орнына екі жедел жәрдем көлігі, жол-көлік патурль машиналары мен тәртіп сақшылар келді. Астана қалалық Ішкі істер департаментінің тергеушілері аумақты сары лентамен қоршауға алған болатын.

null null null null null null null

ФОТО: Виктор Федюнин © 2016 «ҚазАқпарат»

Соңғы жаңалықтар