Нұршат Төлеуқасым Азия Пара ойындарында пара садақ атудан қола медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFOM - Ерлер арасындағы W1 класында өткен қола медаль үшін кездесуде отандасымыз Таиланд спортшысы Супхават Самутчайякиджді 6:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы.
Кездесудің төрт сеті 26:24, 23:22, 23:26 және 26:23 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін Нұршат Төлеуқасым ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысын 7:3 есебімен жеңіп, жартылай финалда Қытай өкіліне 0:6 есебімен есе жіберген болатын.
Айта кетейік, қазіргі уақытқа дейін Қазақстан ұлттық құрамасы V Азия Пара ойындарында 38 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 10 алтын, 11 күміс және 17 қола медаль бар.
Айта кетейік, V Азия Пара ойындарының бесінші жарыс күнінде қазақстандықтар 16 медаль жеңіп алды.