Нұрсұлтан Аманжолов африкалық боксшыны нокаутқа жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан боксшысы Нұрсұлтан Аманжолов (4-0, 3КО) Wicked N’ Bad британиялық промоушені Дубайда (БАӘ) ұйымдастырған кеште өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Аманжолов африкалық боксшыны нокаутқа жіберді

Н.Аманжолов угандиялық Шапи Мушотомен жекпе-жек өткізді. Суперауыр салмақтағы кездесу төртінші раундта аяқталды. Аманжолов оппонентін нокаутқа жіберді. Үшінші раундта, сондай-ақ рефери Мушотоға екі рет нокдаун жазды.

Осылайша, Нұрсұлтан профибокста бесінші рет жеңіске жетті. Айта кетейік, суперауыр салмақтағы боксшымыз WBA, WBO, IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, украиналық Александр Усиктің (19-0, 13КО) спарринг-қарсыластарының бірі.


Видеодан алынған кадр