Нұрсұлтан Азықбаев Сочидегі «Жаңа толқын» фестивалінде 2 орынға ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочиде өтіп жатқан «Жаңа толқын» халықаралық музыкалық фестивалінің бірінші күнінің қорытындысы бойынша, қырғызстандық әнші Нұрсұлтан Азықбаев екінші орынға ие болды, деп жазды КирТАГ.
Байқаудың алғашқы күнінде ол британдық әнші Стингтің «Shape of my heart» әнін орындады. Бірінші орын Украина әншісі Галина Безрукке берілді.
Сонымен бірге, Н. Азықбаев Григорий Лепспен дуэт орындайды, ал үшінші кезеңде өзі жазған «Аттин ай» әнін орындайды.
«Жаңа толқын» байқауының жүлде қоры 7 миллион рубльді құрайды.