Нұрсұлтан Қожамұратов Әлем кубогының жеңімпазы атанды
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Болгарияның Варна қаласында KWU World Youth Cup 2021 халықаралық турнирі өтті. Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының спортшылары тамаша жекпе-жектер мен жауынгердің шынайы рухын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
60 келі салмақ дәрежесінде Теміртау спорт мектебінің тәрбиеленушісі Нұрсұлтан
Қожамұратов үздік техника үшін жүлде иегері атанды.
Біріншілікке әлемнің 17 елінен 500-ге жуық үздік спортшы қатысты. Жекпе-жек бір уақытта төрт татамиде өтті. Оларды әлемнің судьялары бағалады.
«Теміртаулық «Бушидо» клубының жауынгері Нұрсұлтан Қожамұратов 16–17 жас
аралығында кубокты жеңіп алды. Ол төрт жекпе-жекте айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Спортшыны Игорь Лим мен Николай Кван жаттықтырады», - деп хабарлады Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.