Нұрсұлтан Назарбаев 90 жылдары туралы: Әжелер асфальтқа жатып алатын

Айта кетейік, Қазақстандағы жетекші БАҚ өкілдерінің ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбатында Мемлекет басшысына "Қай кезде елді басқару қиын: Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ма, әлде қазіргі уақытта ма?" деген сұрақ қойылды.
«Ол кез бен қазіргі сәтті салыстыру қиын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қайда қадам жасарымызды білмедік. Ешкім бізге бағыт сілтемеді, социализмнен капитализмге қалай өтуді көрсетпеді. Біз капитализмнен социализмге ауысқанбыз, ал керісінше жағдай болмаған еді", - деп жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев журналист сұрағына.
Елбасы сол жылдары барлық зауыттың тоқтатылып, екі миллион адамның жұмыссыз қалғанын еске алды.
"Дүкенге кіргенде бос сөрелерді ғана көретінмін. Бір бөтелке сүт үшін балалы әйелдер таңғы төрттен кезекке тұратын. Тіпті, кәдімгі нан жеткізілмеді, шұжық, темекі, қант болған жоқ. Жұмыстан қайтып келе жатқанда әжелер асфальтқа жатып алатын. Көліктен түсіп, бір жарым сағат сөйлесетінмін. Ал қазіргі қиындықтар интеллектуалды тұрғыда ғана. Сол сәтте Цифрлы Қазақстан туралы ойлаған жан бар ма? 90-жылдары интернеттің не екенін білмедік (...) Егер елде келісім орнап, халық пен билік біртұтас болса, барлық қиындықтарды еңсеруге болады. Бәрінен бұрын, басшы халыққа қызмет етіп, халықты бірінші орынға қойса ғана, алғысқа ие болады", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.