Нұрсұлтан Назарбаев: Адам заманауи экономикаға бейімделуі керек

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Адам заманауи экономикаға бейімделуі керек. Ақорданың Фейсбуктегі парақшасында жарияланған видеода ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға осындай кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Басты мәселе - дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Дамыған 30 елдің адамдары қалай өмір сүреді? Біз де соған ұмтылуымыз керек. Ал оған ілім мен білім, күнделікті еңбек арқылы қол жеткізе аламыз. Бүгінде цифрландыру, роботтандыру жүріп жатыр. Таяу уақытта 500 мамандық жойылады. Біздің осы уақытқа дейін біліп-түйгендеріміз қажетсіз болып қалмақ. Басқа мамандықтарды меңгеру керек, қорқатын ештеңе жоқ. Біз металлургиялық зауыттарда, ірі кәсіпорындарда жұмыс істеуді үйрендік. Барлығы сервиске өтіп жатыр. Қазір бұрын болмаған банктер, мейрамханалар, дүкендер қаншама. Онда адамдар жұмыс істеп, жақсы қаражат табуда. Сондықтан адам заманауи экономикаға, заманауи өмірге бейімделіп, ең алдымен, сұранысқа сәйкес білім алуға дайындалуы қажет», - деді Мемлекет басшысы. 

Соңғы жаңалықтар