Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы мұражайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті жұмыс сапары барысында Алматының жаңа мұражайы экспозициясымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы мұражайда болды

Бұл мұражай өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын кеңінен көрсететін ірі ғылыми әрі мәдени орталық болып саналады.

Музей қорында 40 мыңға жуық экспонат, соның ішінде бейнелеу өнерінің туындылары, қазақ этнографиясының үздік топтамасы, түрлі дәуір мен мәдениетке жататын тұрмыстық заттар, нумизматика жәдігерліктерінің жиынтығы және басқа мұралар бар.

null

Мұражай экспозициясы 11 залдан тұрады, онда мультимедиалық технологияларды қолдану арқылы Алматының көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихы бейнеленген.

null