19:01, 31 Тамыз 2017 | GMT +5
Нұрсұлтан Назарбаев Алмазбек Атамбаев пен Қырғызстан халқын құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан басшысы Алмаз Атамбаев пен ел халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазды «Кабар».

«Қырғызстан қысқа тарихи мерзім ішінде қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесіне айналды. Екі ел арасындағы достық өзара байланыстың халқымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да нығайып, дами түсетіндігіне сенімдімін», - делінген Елбасы құттықтауының мәтінінде.
Қазақстан Президенті Алмазбек Атамбаевқа зор денсаулық, жауапты қызметінде жетістік және қырғыз халқының бейбітшілігі мен амандығын тіледі.