Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының жаңа терминалынан халықаралық бағыттарға ұшу басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 маусымнан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының жаңа терминалынан «Эйр Астана» әуекомпаниясы Франкфурт, Лондон, Париж, Бейжін, Үрімжі, Сеул бағдарына ұшуды бастады, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Биылғы 4-5 шілдеде халықаралық бағдарда жаңа 1-ші терминалмен, ішкі рейстер -2-ші терминалмен атқарылады.
2-ші терминалдағы жолаушыларды тексерудің орталықтандырылған жүйесіндегі жаңа қондырғысы өткізу мүмкіндігін арттырып, ұшуға дайындық мерзімін барынша қысқартады.
Әуежайдың басқарма төрағасы Паоло Ричиоттидің айтуынша, «жаңа терминалдан шығатын барлық халықаралық бағдардағы ұшулар Астана әуежайын инфрақұрылымдық дамыту тарихындағы қорытынды кезеңіне көшу болып табылады».
Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы Қазақстандағы заманауи инфрақұрылымы ең соңғы үлгідегі нысан.