Нұрсұлтан Назарбаев барлық қарсыласын «нокаутқа жіберді» - С. Сәпиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев сайлау науқанының рингінде бірінші раундта барлық қарсыласын нокаутқа жіберді. Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен Жеңімпаздар форумында Лондон Олимпиадасының чемпионы, «Astana Arlans» клубының бас директоры Серік Сәпиев осылай мәлім етті.

Нұрсұлтан Назарбаев барлық қарсыласын «нокаутқа жіберді» - С. Сәпиев

«Бүгін - жеңіс күні! Сайлау науқанының рингінде Сіз бірінші раундта барлық қарсыластарыңызды нокаутқа жібердіңіз. Біз өзіміздің елімізді сүйеміз, сондықтан күшті әрі табысты Қазақстан үшін, бізді жаңа жеңістерге алып баратын Көшбасшыға дауыс бердік. Біз Сізге дауыс бердік»,- деді Серік Сәпиев форум барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қаратып айтқан сөзінде.

Олимпиада чемпионы барша жастар мен спортшылар атынан Мемлекет басшысына алғысын білдірді.

Айта кетейік, Жеңімпаздар форумына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, сонымен қатар белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, танымал спортшылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.