Нұрсұлтан Назарбаев: «Бастау бизнес» жобасын бүкіл елде жалғастыру қажет
«Биыл «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының «Бастау бизнес» жобасы 5 жылдығын атап өтеді. Осы уақыттың ішінде бизнес негіздерін 150 мыңнан астам қазақстандық оқыды. Әрбір үшінші түлек өз ісін ашты. Бүкіл Қазақстан бойынша 44 мыңнан астам бизнес-жоба әзірленді. «Бастау бизнес» түлектері 60 мың жаңа жұмыс орнын ашты және шамамен 1,5 трлн теңге салық төленді. Жобаның танымалдығы бизнес негіздерін оқу тәжірибеге басымдық беру және тегін болуында ғана емес. Оқу бітіргеннен кейін түлекке «Еңбек» бағдарламасы аясында жеңілдетілген шағын несиенің немесе гранттық қаржыландырудың қолжетімді болуы да маңызды мәнге ие», - деді Нұрсұлтан Назарбаев бейнеүндеу барысында.
ҚР Тұңғыш Президенті «Бастау бизнес» жобасын бітірушіге бизнес-тренер бір жыл бойы кәсіпкердің жобаларына қолдау көрсететіндігін атап өтті. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер туындаған проблемалар жалғыз қалмайтындығына да назар аудартты.
«Бұл, әсіресе бүгінде бүкіл бизнес біз бастан кешіріп отырған жаһандық пандемия салдарынан қатты қысым көріп отырған жағдайда өте маңызды. Бұл жағдайда экономикалық екіұштылықты еңсеру және сол арқылы Қазақстанның бүкіл экономикасы мен халықтың жұмыспен қамтылуына мемлекеттік қолдау іс-шаралары көмек көрсетеді. Сарапшылардың бағалауынша, өткен жыл 20 ғасырдың 30 жылдарындағы ұлы күйзеліс уақытынан да күрделі болғанына қарамастан біз ауқымды шығыннан жалтара алдық. COVID-19 пандемиясы мен сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауына жауап ретіндегі Қазақстанның іс-қимылы батыл әрі дер уақытында болды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде көптеген сынақ пен қиындықты бастан кешірді. Бірақ, кез келген дағдарыстан біз сын-тегеуірін ғана емес, сонымен бірге мүмкіндіктерді де көре алдық. Және де барлық уақытта да дамуымыздың басты қозғаушы күші бүкіл елдің табысы мен өзінің жеке жеңісі арасында теңдік белгісін қоя білген адамдар болды. Елдің гүлденуі оның азаматтарының әл-ауқатымен тікелей байланысты. Сондықтан өзім жоғары бағалайтын «Бастау бизнес» бағдарламасының барлық қатысушыларына шынайы түрде табыс тілеймін. Бұл бағдарламаны бүкіл елде жалғастыру қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.