Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар әскери қызметшіге генерал шенін табыстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар әскери қызметшіге генерал шенін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Мемлекет басшысының қолынан генерал-лейтенант шенін еліміздің Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров, ұлттық қауіпсіздіктің генерал-лейтенаты арнайы шенін Ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш пен ҰҚК төрағасының орынбасары,  Арыстан арнайы мақсаттағы қызмет директоры Әнуар Садықұлов алды.
null null  

Генерал-майор әскери шенін ҚР Қарулы күштері Бас штабы Жауынгерлік дайындық департаментінің бастығы Тимур Әбішев, Құрлықтағы әскер бас қолбасшысының орынбасары  Дулат Адырбеков, Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары  Бас штаб бастығы Ерлан Алдажұманов, Ұлттық гвардияның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Талапкер Әміреев, Ұлттық гвария Әскери институтының бастығы Жұмабек Ахметов, ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер, Әуе қорғанысы күштері Әуеге қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы Серік Исмайылов, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы Қайдар Қарақұлов, Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық департаментінің бастығы Бақыт Құрманбаев, Ұлттық қауіпсіздік қызметі әскери қарсы барлау департаментінің бастығы Қайсар Тасыбеков алды.
null null null null 

Авиация генерал майоры шенін Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары Тұралы Қойшықұлов, контр-адмирал шенін Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Қайыргелді Есенеев, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры шенін ҰҚК Қарағанды облыстық департаментінің бастығы Кендебай Адамбеков, полиция генерал-майоры шенін Қостанай облыстық ІІД бастығы Бекет Аймағамбетов, Ішкі істер министрлігінің  Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы Мирлан Қызылов алды.
null null 

3 санаттағы жоғары біліктілік сыныбын Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының жетекшісі Талғат Татубаев, 3 санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шенін ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық процесстің сотқа дейінгі кезеңінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы Құсайын Игембаев, Жамбыл облысының прокуроры Ернар Сыбанқұлов, ҚР Бас прокуратурасы соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаментінің бастығы Әсет Шындалиев алды.
null null 

Соңғы жаңалықтар