Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау және Білім министрліктеріне қаржылық тексеру жүргізуді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым  министрліктеріне қаржылық тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау және Білім министрліктеріне қаржылық тексеру жүргізуді тапсырды

«Үкіметке мемлекет қаражатына немқұрайлы, қылмыстық жолмен қарау фактілерін анықтау үшін арнайы комиссия құруды тапсырамын»,-  деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы ең алдымен 2 министрлікті тексеру қажеттігін баса айтты.

«Алдымен Денсаулық сақтау, Білім министрліктері де есептеймін. Жыл басында қаржы бөлінді және ол қалай игеріледі», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев заң бұзушылықтарға жо бергендерді шығынды толық қайтаруға мәжбүрлеп, жауапкершілікке тарту қажеттігін атап өтті.

«Әрбір басшы жеке жауап береді.  Бізге мемлекеттік басқару тапсырылды. Мемлекет қаражатын бір жақтан келген жаудың ақшасындай пайдаланбау қажет. Керісінше, қайта үнемдеу керек, оларды басқа бірдеңе жасау үшін салу қажет», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.