Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО саммитінің құрметті қонағы болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ЕАЭО-ның мерейтойлық саммиті өтеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі парақшасында жазды.

 Нұрсұлтан Назарбаев  ЕАЭО саммитінің құрметті қонағы болады

«25 жыл бұрын ҚР Тұңғыш Президенті ММУ-да еуразиялық интеграция бойынша көзқарасын білдіріп, бүгінде шынайылыққа айналған тұжырымдаманың авторы болды. 29 мамырда Нұр-Сұлтанда ЕАЭО мерейтойлық саммиті өтеді. Елбасы Н.Назарбаев құрметті қонақ ретінде қатысады», - дейді Тоқаев.