Нұрсұлтан Назарбаев Иорданиямен тиімді ынтымақтастықты дамытуға болатын салаларды атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Иорданияның әскери-техникалық ынтымақтастығын нығайтуға алғышарт бар. Бұл туралы бүгін  Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашимит Корольдігінің Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусеинмен өткен келіссөздерден кейінгі бірлескен баспасөз мәлімдемесі барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Ал екіжақты байланыстарға келер болсақ, күн тәртібінде елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық өзара іс-қимылға ерекше мән  береміз. Екіжақты экспорт-импортқа  тасымалдау бағасы кедергі келтіріп отыр. Соған орай тиімді логистикалық арналарды жетілдірудің маңызы өте зор. Көлік жолының қиындығына байланысты сауда-саттығымыз бүгінгі күні төмен деңгейде тұр. Сондықтан біз келіссөздер барысында мұны тағы да атап өттік. Біріншіден, бүгінде Қазақстан-Түркіменстан-Иран арқылы Парсы шығанағына жол шықты. Екіншіден, жаңа ғана біздің Үкімет басшымыз қол қойып келген Түркиядан Грузия арқылы Әзербайжанға, одан  Каспий теңізі арқылы Қазақстанға шығатын жол ашылды. Бұл да Иорданияға барар жолды жақындатуға мүмкіндік береді», - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Елбасы екі елдің экономикасының бірқатар басым бағыттары бар екендігіне айрықша тоқталды.

«Біріншіден - ауыл шаруашылығы. Бұл салада өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың мүмкіншілігі зор екендігін айтып өттік. Мысалы Қазақстан Иордания ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін жеткізетін болса, Иорданиядан қыс және көктем айларында, бізде жоқ кезде көкөніс пен жеміс  экспорттай алады. Екіншіден - фармацевтика саласы. Иорданияның әлемге әйгілі Хикма компаниясы Алматы қаласында фармацевтикалық зауыт салып жатыр. Біз оны қолдаймыз. Кейінірек дұрыс болатын болса, бізде оны одан ары өркендетуге барлық жағдай бар. Үшіншіден - энергетика саласы. Иорданияның Қазақстан сияқты баламалы  энергия көздерін дамытуға мүдделі екенін ескеріп,  серіктестік орнату мүмкіндігін қарастырдық. Төртіншіден - әскери-техникалық сала. Бұл салада ынтымақтастықты нығайтудың алғышарттары бар. Осы бағыттардағы жұмыстарды одан ары жетілдіру үшін үкіметаралық комиссияға тапсырма бердік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар