Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан кубогының финалдық кездесуін тамашалауға келді

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев футболдан Қазақстан кубогының финалын тамашалауға келді, деп хабарлайды Sports.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан кубогының финалдық кездесуін тамашалауға келді

«Астана Арена» стадионында өтіп жатқан ақтық сында қарағандылық «Шахтер» мен «Тараз» бақ сынасуда.
Сондай-ақ матчты тамашалуға УЕФА президенті Мишель Платини, аталмыш ұйымның вице-президенті, Украина футбол федерациясының бұрынғы басшысы Григорий Суркис және Ресей футбол одағының басшысы Николай Толстых келді.