Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық-қытайлық «Композитор» фильмі жайында сөз қозғады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қытайлық әріптесімен «Композитор» фильмін талқылағандығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық-қытайлық «Композитор» фильмі жайында сөз қозғады

«Мәдени ынтымақтастық мәселесін, оның ішінде «Композитор» деген атаумен кино фильм түсіру жөніндегі бірлескен жобаны талқыладық. Ол қазақ композиторы Бақытжан Байқадамов пен бізге қазіргі Қытай музыкасының классигі ретінде танымал Си Синьхаяның достығына арналған», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Айта кетерлігі , екі елдің Мемлекет басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерінің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылған еді. Олардың арасында ҚР мен ҚХР  Үкіметтері арасындағы бірлескен кино өндірісі саласындағы ынтымақтастық келісімі, «Қазақстан» ТРК  мен Қытайдың орталық телевидениесі  арасындағы өзара түсінушілік және ынтымақтастық меморандумы бар.