Нұрсұлтан Назарбаев қорғанысты және әскери қызметті жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қорғанысты және әскери қызметті, әскери қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғау кепілдіктерін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.