Нұрсұлтан Назарбаев өзінің есімін Астанаға беру ұсынысына қатысты пікірін білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін отандық телеарналардан көрсетілген республикалық БАҚ өкілдеріне сұхбаты барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің есімін Астанаға беру ұсынысына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұхбат барысында «Қазақстан» телеарнасы «Айтуға оңай» бағдарламасының жүргізушісі Бейсен Құранбек Елбасынан: «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, елордамыздың бас архитекторы дейді. Ол бұлтартпас шындық. Оны ешкім де жоққа шығара алмайды. Осы орайда, әріптесімнің сөзін толықтыра кететін сұрақ бар. Астанаға атыңызды берсек дейді. Мен Астанада ұзақ жыл тұрдым, қызмет істедім. Журналист ретінде қасыңызда жүріп, көп ғимараттың ашылуына қатыстым. Кеше әріптестеріммен отырғанда кейбір нысандардың құрылысы қалай басталып, қайсысы бұрын салынғанын ұмытып қалыппын. Сіздің есіңізде ме?», -деп сұрады.

«Сенің балаларың енді қалай есінде сақтайды? Соларға сен айтып отырмасаң. Астанаға менің атымды беру, басқалары да анау күні Парламентте айтылды. Конституцияға өзгерістер енгізген кезде де айтты. Менің істеген еңбегімді атап жатыр. Адам ретінде маған, әрине көңіліме жағады. Бірақ, ел басқарып отырғаннан кейін тек қана маған жағады деген жағдаймен жүрмеу керек. Қазір Астана  - әлемдік бренд», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы бүгінгі күні елордамызда Сирия проблемасына қатысты келіссөздердің және басқа да халықаралық жиындардың өтетін орнына айналғанын баса атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
telegram