Нұрсұлтан Назарбаев өзінің нағыз халықтың Президенті екендігін тағы да дәлелдеді - В. Косарев
АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің нағыз халықтың Президенті екендігін тағы да дәлелдеді.
Оның тек халықтың, қарапайым қазақстандықтардың мүддесін ойлайтынына тағы да көз жеткіздік. Сонау қиын-қыстау 90-шы жылдарда да солай болған еді, қазір де Президентіміз азаматтардың, қарапайым әйелдердің мұңын естіп, дәл солай жасады»,-деді бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат, Мәжілістегі ҚКХП "Халық коммунистері" фракциясының жетекшісі Владислав Косарев.
«Сондай-ақ, мен Елбасының Үкімет пен Ұлттық банктің зейнетақы жөніндегі заң жобасын халыққа түсіндірудегі жұмысына берген бағасы біздің фракцияның әу баста жасаған ескертпелерімен үндеседі»,- деді ол.
Владислав Косаревтің айтуынша, фракция Үкіметке дәл мұндай маңызды мәселенің қарапайым халықпен келісілмей жасалып жатқандығын ескерткен.
Депутат Президенттің бұл ұсынысы Қазақстан әйелдерінің мүддесін қорғауда өте маңызды шешім болғандығын қадап айтты.
«Сондықтан, "Халық коммунистері" фракциясы Мемлекет басшысының аталмыш заң жобасына енгізген өзгерістерін толық қолдайды»,-деді В. Косарев.