Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік телеарнаға КСРО ыдырауы жайлы сұхбат берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік «Россия 24» арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік телеарнаға КСРО ыдырауы жайлы сұхбат берді

Бұл жайында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында мәлім етті.

«Бүгін «Россия 24» телеарнасының эфирінен Нұрсұлтан Назарбаевтың КСРО қалай құлағаны жайлы сұхбаты көрсетілді» деп жазды Айдос Үкібай әлеуметтік желіде.