Нұрсұлтан Назарбаев Теміртаудағы саябақта жастармен бірге ән шырқады
Шағын видеода Елбасының жастармен бірге өткен ғасырдың танымал әнін шырқап отырғанын көруге болады. Нұрсұлтан Назарбаев бастаған «Песня о тревожной молодости» әнін өнерлі жастар іліп әкетіп, бірлесе шырқайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске сала кетсек, бұған дейін Президенттің Теміртаудың демалыс саябағын аралағанын хабарлаған болатынбыз. Теміртауға жұмыс сапары барысында Елбасы Теміртау қаласының мәдениет және демалыс саябағына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген қайта жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен танысқан еді.
Мемлекет басшысы сапар барысында бюджеттен тыс қаражат есебінен саябақ аумағында салынған нысандарды аралап көрген. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев саябақта қаланың өткен ғасырдың 50-60 жылдардағы тарихын бейнелейтін театрландырылған қойылымды тамашалады. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өз замандастарымен және металлургия комбинатында бірге жұмыс істеген бұрынғы әріптестерімен жүздесіп, әңгімелесті.