Нұрсұлтан Назарбаев «ВТБ Банкі» президенті – басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кездесу барысында А.Костин Нұрсұлтан НазарбаевтыҚазақстан тәуелсіздігінің отыз жылдығымен құттықтап, мемлекеттің қалыптасуындағы және дамуындағы Тұңғыш Президенттің еңбегі мен үлесін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев  «ВТБ Банкі» президенті – басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының жоғары қарқынына және инвестиция-банк саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығына назар аударды.

А.Костин банктің Қазақстандағы жұмысы мен инвестициялық қызметінің перспективалары туралы айтып берді.