Нұрсұлтан Назарбаев xалықты цифрландыруға жаппай оқытуды тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев цифрландыру мәселелерін xалыққа кеңінен түсіндіруді жүктеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Дәурен Әскербекұлы (Ақпарат және коммуникациялар министрі - авт.), теледидарда, орталық және облыстық газеттерде цифрландыру бойынша арнайы айдарларды ашу қажет. Цифрландырудың нәтижесі қандай? Не істедік? Қандай жобаны іске асырдық? Жалпы, цифрландыру дегеніміз не? Былайша айтқанда, бізге жаппай оқыту шараларын қолға алу қажет пе?», - деді Н.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президенттің айтуынша, цифрландыру мәселесін мектеп қабырғасынан бастап кеңінен түсіндіру керек. Себебі қазіргі жастар болашақта осы жұмыспен тығыз айналысады.
«Болашақта олардың барлығы осы салада жұмыс істейді. 2030 жылда мүлдем басқа экономика болады. Соған дайын болуымыз қажет. Қазір білім саласын ылғи сынайды. Реформалар көп дейді. Бірақ басқа амалымыз жоқ. Балалар өздігімен ойлап, шешім қабылдауға үйренуі керек. Бәрін жаттап алып, емтиxан тапсыра салу - ол кешегі заманның талабы. Сондықтан қазіргі цифрландыруды кеңінен түсіндіруіміз әрі үйретуіміз керек», - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.