Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті

ТОКИО. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасы баспасөз қызметінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Синдзо Абэге император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

Синдзо Абэ Қазақстанның антиядролық бастамаларына және жаппай қырып-жою қаруының таратылуына қарсы қабылдаған шараларына қолдау білдірді.