Нұрсұлтан Назарбаев жылдың ең мықты дағдарыс-менеджері - Б.Бектұрғанова

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Еліміздің көркеюіне көбірек үлес қосқаны үшін қазақстандық саясаткер тұлғалар арасында Президент Н.Назарбаев «Жыл  саясаткері» деп мойындалып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев жылдың ең мықты дағдарыс-менеджері - Б.Бектұрғанова

Бұл жайында Саяси шешімдер институтының бас директоры Бақытжамал Бектұрғанова  еліміздің ірі қалаларында жүргізген қоғамдық сауалдың қортындысына арналаған баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сондай-ақ Елбасы жылдың ең мықты дағдарыс-менеджері деп мойындалып отыр. Сауал жүргізгенде азаматтардың 50  пайыздан көбі оның тиімді басқаруымен елдегі экономикалық жағдай тұрақталды деп тапқан. Айта кету керек, ҚР Үкіметі соққыны ұстап қала алды және жыл аяғында сенімді әрі биiк рейтингiмен шыға білді. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың тұлғалық көрсеткіші 42 пайызды, ҚР Үкіметі 40,8 пайызды құраған. Жалпы әрбір екінші сұрау жүргізілген азамат Үкіметке және оның басшысына сенімділікпен қарайтындарын жеткізген», дейді Б.Бектұрғанова.

Сонымен қатар, ол өтіп бара жатқан жылды қортындылай келе сәтті жыл  деуге болатындығын айтты. Сұрау жүргізілген азаматтардың 35 пайызы «бұл ауыр жыл, бірақта біз дағдарыстан шығып кетеміз», деп жауап берген.

«Өте маңызды оқиғалар рейтингісі бойынша «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы көш бастап тұр. Рейтингтік оқиғалардың алғашқы бестігіне «Жол картасы» бағдарламасы, Кедендік одақ құру, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы және ҚР Президентінің ел азаматтарымен «тікелей эфир» арқылы жүргізген сұхбаты кіріп отыр», дейді бас директор.