Нұрсұлтан Назарбаевқа Астананы газдандыру барысы баяндалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік инвесторлармен кездесуі барысында Астана қаласын газдандыру мəселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Глобал газ групп» ЖШС директоры Олег Гончаров мәлім еткендей, Астана қаласында «Тұран» газ стансасы салынған.  Оның қуаттылығы - 50 млн куб.

«Сондай-ақ қараша айында Бурабайдағы станса тапсырылады.  2018 жылы Тельман газдандыру аймағы пайдалануға беріледі. Біз қазірдің өзінде Назарбаев университетін, «Ғарыш Сапары» ғарыш орталығын,  қорғаныс университетін газбен қамтамасыз етіп отырмыз. 2018 жылы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайын, «Сарыарқа» велотрегін және өзге де нысандарды газбен қамту жоспарлануда», - деді Гончаров.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананы газдандыру жобасының маңыздылығын атап өтті.

«Біз түрлі нұсқаларды қарастырып көрдік:Тобылдан немесе оңтүстіктен табиғи газ тарту, Қарағанды мен Жезқазған арқылы Қызылордадан жеткізу де ойда болды. Дегенмен, барлығын қарастырып көреміз. Біз үшін сұйытылған газ өте маңызды», - деді Президент.

Еске салайық, бүгін жұмыс сапарымен Қостанайға келген Елбасы бірқатар нысандарда болд ы. Атап айтқанда, Президент «Əуежай» шағынауданында мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты. Шағынауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 900 орындық жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ спорт және ойын-сауық кешенінің құрылысы бой көтеруде.  

Сондай-ақ Н.Назарбаев «СарыарқаАвтоПром» зауытына барды. Бүгін «СарыарқаАвтоПром» ЖШС ұсақтүйінді өндіріс бойынша жаңа технологиялық əдісті іске қосты. Əдіс «монокок» деп аталады. Президентке Peugeot, JAC, Iveco жəне басқа да электромобильдер көрсетілді. 

Шетелдік инвесторлармен, зауыт қызметкерлерімен өткен кездесуден кейін Елбасына Қостанай облысының инвестициялық əлеуеті таныстырылды. 

Соңғы жаңалықтар