Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы тамаша жеңісімен Иордания Хашимит Королдігінің Королі Абдалла ІІ ибн әл -Хусейн құттықтады
АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Иордания Хашимит Королдігінің Королі Абдалла ІІ ибн әл -Хусейн сайлаудағы тамаша жеңісімен құттықтады,
деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Жеделхат мәтінінде былай делінген:
Жоғары Мәртебелі,
Сізді шын жүрегімнен Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз.
Біз болашақта бауырлас халықтарымыз арасындағы қарым-қатынасты дамытып, екі елдің ортақ мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға деген талпынысымызды қуаттаймыз.
Иордания Хашимит Королдігінің Королі Абдалла ІІ ибн әл- Хусейн