Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға сапары жоспарланған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға сапары жоспарланған. Бұл туралы бүгін Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Аxмет Айдын айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға сапары жоспарланған

"Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстар терең мәдени әрі бауырластық қарым-қатынасқа негізделген. Біз стратегиялық әріптестікке жеттік. Соған шын жүректен қуанамыз әрі мақтанамыз. Екі елдің президенттері жиі араласып тұрады. Осының өзі тығыз ынтымақтастықты көрсетсе керек. Биыл Түркия президенті Қазақстанға келіп кетті. Жаңа салаларда әріптестікті орнатуға мүдделі екенін жеткізді. Келесі жылы көктемде Назарбаев мырзаның бізге арнайы сапармен келуі де екіжақты байланыстарды күшейте түсетініне сенім мол", - деді Ахмет Айдын.

Айта кетейік, бүгін елордада "Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі" тақырыбында xалықаралық парламенттік конференция басталды. Аталған шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр. Мәжіліске Ресей, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Армения, Италия, Испания, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария, Мажарстан және тағы басқа, барлығы он бес елдің делегаттары қатысуда. Бұдан бөлек, АҚШ-тың сарапшылары да келді.

Конференция басында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин "Назарбаев моделінің" құпиясы жөнінде айтқан болатын.