Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға сапарының бейнеролигі жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың Инстаграм парақшасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша бейнеролик жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шағын бейнероликте Президенттің Түркияға сапары, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесуі көрсетілген.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Анкараға ресми сапармен барған болатын. Сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған арасындағы келіссөздерден кейін екі елдің арасында бірқатар құжатқа қол қойылған еді.

Қазақстан Президентін ерекше қарсы алған Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Елбасын «Түркі әлемінің ақсақалы» деп атады.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның саяси тұрақтылығы мен тыныштығы Қазақстан үшін маңызды екенін атап өткен еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша бейнеролик Видеоролик по итогам официального визита Главы государства в Турецкую Республику

Публикация от AkordaPress (@akordapress) 14 Сен 2018 в 6:27 PDT

Соңғы жаңалықтар
telegram