Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа операция жасалды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде жазды.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Операция сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ота Ұлттық кардиохирургия орталығында танымал кардиохирург Ю.Пяның жетекшілігімен жасалды», - деді Айдос Үкібай.

Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар
telegram