Нұртас Адамбаев атақты «келіннің» сыңарын тауыпты (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты «Сабина келін» фильмінің режиссері және актері фильмнің басты кейіпкеріне ұқсас бойжеткенді тапты. Нұртас оның суретін әлеуметтік Инстаграм желісіндегі өз парақшасына қойды.
Сабина келінге оның түрі ғана ұқсап қоймай, тегі де ұқсайды (Әсел Бодамбаева).
Еске сала кетейік, Нұртас Адамбаевтің «Сабина келін» комедиясы Индонезияда мыңнан астам фильмдер қатысқан International Film Festival for Documentary, Short and Comedy Films кинофестиальінде гран-при жеңіп алған. Әділ қазылар әйелдердің құқықтарына қысым жасау мәселесін комедиялық түрде аша алғанын атап өткен. Картинаның жалғасын қазақстандықтар 2016 жылы көктемде көреді.