Нұртас Адамбаев пен Дәуіт Шайхисламов «КТК» арнасынан кешірім сұрады

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - «КТК» телеарнасы авторлық құқымызды таптады» деп дүйім жұртты дүрліктірген шоумен Нұртас Адамбаев пен оның әріптесі Дәуіт Шайхисламов

Нұртас Адамбаев пен Дәуіт Шайхисламов «КТК» арнасынан кешірім сұрады

ақыры айтқандарынан айныды. Қос сері кеше бұқаралық ақпарат құралдары алдында «КТК»-ны негізсіз қаралағанын ресми мойындады. Бұл туралы аталмыш телеарна хабарлады.  

 «Иә, бағдарлама оларға тиесілі. Бірақ ондағы барлық образдарды «КТК-ның» техникасы емес,  біз жасап келдік. Сондықтан біздің құқымыз тең. Олардың авторлық құқықтары тек оператор, режиссер сияқты қызметтермен ғана шектеледі», - деген болатын бұған дейін Нұртас Адамбаев.

Естеріңізде болса, наурыз айында «Наша Казаша» бағдарламасының экс-мүшелері Нұртас Адамбаев пен Дәуіт Шайхисламов БАҚ өкілдерін жинап, «КТК» телеарнасы «заңсыздыққа жол берді», «авторлық құқымызды таптады» деп айыптаған болатын. Қос КВН-шиктің ондағы мақсаты «Наша Казаша» маркасын өздерімен алып кету болыпты. Бірақ сот барысында аталмыш жобаның «КТК»-ға тиесілі екендігі дәлелденді. Ал қос шоуменге негізсіз қаралағаны үшін «КТК» арнасынан ресми түрде кешірім сұрау міндеттелді. Бүгін соттың осы үкіміне сәйкес, Нұртас пен Дәуіт айтқан сөздерін жеке-жеке жоққа шығарып, су ішкен құдықтарына түкіргендерін мойындады.

Айта кетейік, қазір Адамбаев пен Шайхисламов «7-Арнаның» эфирінде «KZ-ландия» бағдарламасымен шығып жүр.