Нұртай Әбіқаев әкімдік жанынан инновациялар жөніндегі кеңесті құруды ұсынды

СТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін елорда әкімдігінде өтіп жатқан 1-ші Астаналық инновациялық форумда ҚР Сыртқы істер бірінші вице-министрі, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті Нұртай Әбіқаев әкімдік жанынан инновациялар жөніндегі кеңесті құруды ұсынды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Инновациялық жұмыстарды жандандыру үшін және бұл бағытта бұдан әрі қарай жүйелік шараларға негізделу тұрғысында қала әкімі жанынан инновациялар жөніндегі кеңесті құрған орынды болар еді»,-деді Н. Әбіқаев. Оның сөзіне қарағанда, бұл кеңес осы бағытта барлық жұмыстарды үйлестіріп, инновациялық қызметтің тиімділігіне қол жеткізу бойынша ұсыныстар жасап, сондай-ақ елордада жүргізіліп жатқан үдетілген индустриялдық-инновациялық бағдарламасын іске асыру шараларының мониторингін атқарар еді.

Бұндай кеңес инновациялық дамуға өз септігін тигізетінін айтып өткен Н. Әбіқаев, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының президиумы бұл шаралар бойынша жобалар мен кеңес құрамын даярлауға дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов бұл ұсыныс қабылданатынын жеткізді. «Бұндай кеңес қажет деп санаймын»-деді әкім. Осы тұрғыда ол инновациялық жобаларды өндіріске қосу ең басты мәселе екенін айтып өтті.

«Сонымен бірге инновацияның үздік өнертапқыштарына арналған қала әкімі жүлдесін тағайындау инновациялық қызметті дамыту бойынша тағы бір қадам болар еді»,-деді сөз соңында Нұртай Әбіқаев.

Соңғы жаңалықтар