Нұрзат Сабиров кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабиров Канадада өткен кәсіпқой бокста жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Нұрзат Сабиров кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық пен оның қарсыласы польшалық Касьян Инглот арасындағы бокс бәсекесі Канаданың Тетфорд-Майнс қаласында өтті. Жартылай ауыр салмақта боксшылардың бәсекесі 4 раундқа есептелген болатын. Алайда қазақстандық оғлан қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді.

Еске сала кетейік, бұл Нұрзат Сабировтың кәсіпқой бокстағы бірінші бәсекесі және алғашқы жеңісі.