Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азиаданың алтын жүлдесіне таласады

АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан алғашқы жүлде жиынтықтары сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азиаданың алтын жүлдесіне таласады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

2023 жылғы Азиада чемпионы, 69 келідегі Нұржан Батырбеков 1/2 финалда Сингапур спортшысы Ноа Тиан Ран Лимды 4:0 есебімен жеңді.

Оның қарсыласы енді анықталады.

Осыған дейін Джитсер Абдулла Батырбек Азиаданың ширек финалына шыққан болатын.