Нұржан Керменбаев Қазақстан атынан «Еуровидение» байқауына қатысуды жоспарлауда - БАҚ

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Әнші Нұржан Керменбаев Қазақстан атынан «Еуровидение» халықаралық байқауына баратындардың алғашқысы болуды жоспарлауда.

Нұржан Керменбаев Қазақстан атынан «Еуровидение» байқауына қатысуды жоспарлауда - БАҚ

Бұл туралы «Экспресс К» газетінде жарық көрген «Музыка поп!» мақаласында (автор Максим Пичугин)  жазылды.

Айта кетейік, келесі жылы біздің мемлекет әйгілі «Еуровидение» ән байқауына қатысуы әбден мүмкін. Дима Билан, Александр Рыбак, Руслана және тағы да басқа әншілердің атын танытқан әйгілі байқау қазақстандық өнер иелерін қабылдауы мүмкін. Бұл жаңалықтан хабардар болған қазақстандық танымал әнші Нұржан Керменбаев өзін «Еуровидение» байқауына қатысатын өнер иелерінің бірі екендігін мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, бұл әншінің бұрыннан бері көкейдегі жүрген арманы екен. Ол халықаралық байқауды бағындыруды көздеуде. Айта кеткен жөн, Нұржан «Арнау» тобындағы «әріптесі» Салтанат жайында тіс жармады. Бұдан тек өзінің кандидатурасын ұсынуды қалайды деген пікірге қаласың...