Nvidia қытайлық чат-бот кесірінен шамамен 600 млрд доллар жоғалтты

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайлық DeepSeek-R1 чат-ботының нарықта пайда болуы америкалық микрочип өндіруші Nvidia-ны 27 қаңтардағы бір сауда күнінің соңындағы жағдай бойынша 600 млрд долларға жуық шығынға түсірді, деп хабарлайды ВВС

доллар
Фото: pexels.com

Жасанды интеллектті дамытумен айналысатын басқа технологиялық алпауыттар одан да көп ондаған миллиард доллар жоғалтты. 

Күннің соңына қарай Nvidia акцияларының құны 16,9%-ға немесе жалпы $589 млрд-қа төмендеді. 

Nvidia бәсекелесі Broadcom компаниясы 17,4% немесе шамамен 200 млрд доллар шығынға ұшырады.

Microsoft акцияларының бағасы бір күнде 2,14%-ға (шамамен 70 млрд доллар, бірақ әлі $3,23 трлн доллар қалды), ал Google иесі Alphabet акциялары 4%-ға (95 млрд доллар) арзандады.

АҚШ-тың Nasdaq100 технологиялық компанияларының индексі 3%-ға жуық төмендеді.

Америкалық компаниялар жасанды интеллект жүйелерін дамытуға жүздеген миллиард доллар инвестициялады және оған тағы қаражат құюды жоспарлап отыр. Ал қытайлық DeepSeek компаниясы өзінің чат-ботын небәрі 5,6 млн долларға жасап, оқытқанын сендіріп отыр.

Бұған дейін Ұлыбритания жасанды интеллект саласында супердержава мәртебесін алуды мақсат етіп отырғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар