Нью-Джерсиде орман өртіне байланысты 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбі күні Нью-Джерсидегі (АҚШ) орман өрті шамамен 3 440 гектар аумақты шарпыды, деп хабарлайды Kazinform CNN-ге сілтеме жасап. 

Нью-Джерсиде орман өртіне байланысты 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Фото: видеодан алынған скрин

Өрттен 3 000-нан астам адам эвакуацияланды, 1 300-ден астам ғимаратқа қауіп төнді. 

Жергілікті өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, сейсенбі күні Гринвуд орманыны аймағындағы қызыл жалынның 10%-ы ауыздықталды. Қазіргі кезде оттың неден тұтанғаны, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Нью-Джерси
Фото: edition.cnn.com

PowerOutage.us мәліметіне сүйенсек, орман өртінен Мұхит округіндегі 26 000-нан астам тұтынушы электр қуатынсыз қалған. Желдің ұйытқи соғуы аталған аймаққа айтарлықтай кері әсерін тигізіп жатыр.

Нью-Джерси штатының полициясы хабарлағандай, апатты жағдайға байланысты Гарден штатындағы саябақтың бір бір бөлігі жабылған. Сондай-ақ штаттағыларға ауа сапасы туралы ескерту жарияланды. 

Бұған дейін Непалда орман өрті өршіп тұрғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар