Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Нью-Йорк АҚШ-та эвтаназияға рұқсат берген 14-штат болды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Нью-Йорк штатында айықпас дертке шалдыққан науқастарға эвтаназия жасауға ресми түрде рұқсат берілді. Бұл туралы Белта хабарлады.

эвтаназия
Фото: pexels.com

Губернатор Кэти Хокул тиісті заңға қол қойды. Құжат өмір сүру ұзақтығы алты айдан аспайды деп болжанған науқастарға қатысты қолданылады

Заңға сәйкес, айықпас диагнозы расталған, 18 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс әрі дәрігер тағайындаған препаратты өз бетінше қабылдай алатын Нью-Йорк тұрғындары өмірден өз еркімен кетуге арналған арнайы дәрі-дәрмекті алуға өтініш бере алады.

Құжатта бұл құқықты пайдалану үшін қатаң талаптар белгіленген. Атап айтқанда, өтініш беруші Нью-Йорк штатында тұрақты тұруы және психикалық жағдайына қатысты арнайы тексеруден өтуі қажет.

Басылымның жазуынша, бұл АҚШ-та эвтаназияға қатысты қабылданған ең қатаң заңдардың бірі саналады.

Заң күшіне енгеннен кейін Нью-Йорк эвтаназияны заңдастырған АҚШ-тың 14-штаты болды.

Еске салайық, бұған дейін Латын Америкасында эвтаназияны бірінші болып Уругвай заңдастырғанын жазғанбыз.