Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясына қауіп төндіруі мүмкін желі жойылды

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — АҚШ-тың Құпия қызметі сейсенбі күні Нью-Йорктегі өз штаб-пәтерінің маңында және үш штат аумағында ірі бақылау желісінің жойылғанын мәлімдеді, деп жазды AZƏRTAC.

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясына қауіп төндіруі мүмкін желі жойылды
Фото: Азертадж

Барлығы 100 мың SIM-карта мен 300 сервер табылған.

АҚШ Құпия қызметінің мәліметінше, бұл желі бүкіл Нью-Йорктегі телекоммуникацияны істен шығара алатын қуатқа ие болған.

— Анонимді түрде қауіп төндіретін қоңыраулар шалудан бөлек, бұл құрылғылар телекоммуникациялық жүйелерге түрлі шабуылдар жасау үшін қолданылуы мүмкін, — делінген АҚШ Құпия қызметінің мәлімдемесінде.

Сол баспасөз хабарламасында бірнеше бөлмеде ұқыпты түрде қойылған антенналармен жабдықталған жүздеген SIM-карт қатарлары көрсетілген фотосуреттер де жарияланған.

— Бұл желі мобильді байланыс мұнараларының жұмысын бұзуға, қызмет көрсетуден бас тарту (DoS) тәрізді шабуылдар жасауға және қылмыстық топтар мен ықтимал бұзақылар арасында анонимді әрі шифрланған байланыс орнатуға мүмкіндік беретін, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұл жүйе ел бойынша бір минутта 30 миллион SMS-хабарлама жібере алатын қуатқа ие болғаны атап өтілді.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Нью-Йорктегі дебатында ТМД елдері басшылары арасында бірінші болып сөз сөйлейді. 

Пленарлық отырысты БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының төрағасы Анналена Бербок ашады.

Jibek Joly Президенттің сөз сөйлеуін онлайн көрсетеді.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум