Нью-Йорктегі сән көрсетілімінде қазақы нақыштағы киім үлгілері таныстырылды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақ дизайнері Анелия Әлім «New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрмесіне ұлттық дизайндағы өнімдерін ұсынды.

Нью-Йорк-тегі сән көрсетілімінде қазақы нақыштағы киім үлгілері таныстырылды
Фото: Гүлзар Ғабдрахманның жеке мұрағатынан

Нью-Йорк қаласындағы «Leman Ballroom» залында «New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінің 16-маусымы ашылуында қазақстандық дизайнердің ұлттық сән үлгілері ұсынылып, іс-шарада Қазақстанның Әнұраны шырқалды. 

Нью-Йорк-тегі сән көрсетілімінде қазақы нақыштағы киім үлгілері таныстырылды
Фото: Гүлзар Ғабдрахманның жеке мұрағатынан

Танымал дизайнерлер мен сән әлемінің өкілдері қатысатын іс-шарада АҚШ-та тұрып жатқан қазақ дизайнері, кәсіпкер Анелия Әлім ұлттық нақыштағы топтама ұсынды.

Ал кәсіби эстрада-джаз әншісі Гүлзар Ғабдрахман Қазақстанның Әнұранын шырқады. 

Нью-Йорк-тегі сән көрсетілімінде қазақы нақыштағы киім үлгілері таныстырылды

«Ұйымдастырушылар «New York, New York» әні мен еліміздің Әнұранын орындауымды сұрап, арнайы шақырту жіберді. Азуын айға білеген АҚШ-та, Нью-Йорк қаласының төрінде қазақтың әнін шырқау және мәдениетін көрсету – мен үшін үлкен мәртебе болды», - дейді Гүлзар Ғабдрахман.

Соңғы жаңалықтар